Өңірдегі этнос өкілдері тығыз шоғырланған елді мекендерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық прокуратурамен бірлесе арнайы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 12 қазан күні Қордай ауданының Степной, Қарасу, Ауқатты, Сортөбе және Масанчи ауылдық округтерінің тұрғындарымен, этномәдени бірлестік өкілдерімен, этнос жастарымен арнайы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Ұ. Сламбекова, облыс прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры А. Жұмабеков және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Қарабаев жүргізді.
Кездесу барысында этнос жастарына, ауыл тұрғындарына өңірдегі этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік тудың қолдану аясы мен этносаралық алауыздықты тудыратын жалған ақпарат таратуға жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары айтылды.
Бұдан бөлек, іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің «Ғылыми-сараптамалық қолдау» бөлімінің сарапшылары ауыл тұрғындарына арналған әлеуметтік зерттеу жұмыстарын өткізді.









